Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Біржан сал аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

8 (716-39) 2-21-31 - науқастарды тіркеу орны
8 (716-39) 2-11-33 - қабылдау бөлмесі
8 (716-39) 2-10-30 - cенім телефоны

 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ақмола облысының аумағында  денсаулық сақтау мәселелері бойынша Ақпараттық орталық жұмыс атқара бастады. Облыс тұрғындары қазірден бастап 88000806481 нөмірін теру арқылы өздерін толғандырған мәселелерге  жауап алуларына, кеңесулеріне, медициналық қызметтердің көрсетілу сапасына шағым жасауларына болады.Бұдан соң Саll-орталықтың операторлары сіздер қойған сауалдар мен шағымдарыңызға орай  олардың қаралу нәтижесін міндетті түрде өздеріңізге жеткізеді. Тұрғындар үшін үйлеріңіздегі телефоннан облыс бойынша хабарласу—тегін. Сіздер сонымен қатар info.e-akmo.kz сайтының қызметін пайдаланып, өз электрондық поштаңызға жауап ала аласыз.

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы «ҚР денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі ережені бекіту туралы» бұйрығын орындау үшін 2009 жылдан бері еліміздің барлық медициналық ұйымдарында құрылған ішкі аудит қызметінің жұмысы.


 

     Медицина ұйымдарында осындай бөлімшелерді құрудың мақсаты—емделушілердің мезгілінде, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қажетті мөлшерінде алу құқығын қамтамасызету. Емделушілерді қолдау және ішкі аудит сапасын бақылау қызметінің өкілдері жергілікті жерлерде емделушілердің  мәселелерін (өтініштерін) олардың туындауына қарай және тиімді мерзімде шешумен айналысуда. Көрсетілген медициналық қызметтің сапасына қанағаттанбаған, этика мен деонтология  қағидалары бұрмаланған, сондай-ақ қызметті жақсарту жөніндегі ұсыныстары аяқсыз қалған жағдайда емделуші медицина ұйымының көрнекті жерінде орналасқан ақпаратта көрсетілген 2-10-30 «сенім» телефоны арқылы ішкі аудит қызметінің кез келген мүшесіне жүгіне алады.

Back to Top